20.04.2024, 08:30

Алдағы үш күнде ауа райы қалай болады?

Фото: pixabay.com

Еліміздің шығысында 17-25 градус жылыға дейін аздап жоғарылайды.

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 20-22 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Антициклон сілемі еліміздің көптеген аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронттардың өтуімен өткінші жауын-шашын болады. Батыс және оңтүстік облыстарда шаңды дауылмен екпінді жел күшейеді.

Күндізгі температура батыста және оңтүстікте 25-32 градус жылыға дейін, солтүстікте және орталықта 20-28 градус жылыға дейін ысиды, ал еліміздің шығысында 17-25 градус жылыға дейін аздап жоғарылайды.