21.04.2024, 06:30

Назарбаев тұрған: Алматыда 15 бөлмелі үй сатылымға шығарылды

Фото: elbasy.kz

Пәтердің құны krisha.kz сайтында 509 400 000 теңге деп көрсетілген.

Қазнетте Алматыда бір кездері Нұрсұлтан Назарбаев тұрған пәтердің сатылымға шығарылғаны туралы ақпарат тарады. Бірақ жылжымайтын мүлік сату сайтынан хабарландыру жоғалып кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сәуірдің 18-і күні интернетте Алматыдағы Төлебаев көшесіндегі 117-нөмірлі 15 бөлмелі пәтер сатылып жатыр деген ақпарат тарай бастады. Пәтердің құны krisha.kz сайтында 509 400 000 теңге деп көрсетілген, деп жазады KYN.KZ