$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда Әлия Назарбаеваға тиесілі фитнес-орталық сатылымға қойылмақ

Сондай-ақ редакция қымбат мүлікті сатумен айналысатын риэлторлардың байланыс нөмірлері бар екенін атап өтеді.

Фото: exclusive.kz
Фото: exclusive.kz

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы – Әлия Назарбаеваға тиесілі Алматыдағы Wellness Club Luxor фитнес-орталығын 25 миллион долларға сатпақ. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы ҚазТАГ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

“Алматыда Әлия Назарбаеваның Luxor-ын сатқысы келеді. Жобаның бағасы 25 миллион долларды құрайды (шамамен 11 миллиард теңге)", – деп келтіреді басылым жағдаймен таныс дереккөздің сөзін.

Сондай-ақ редакция қымбат мүлікті сатумен айналысатын риэлторлардың байланыс нөмірлері бар екенін атап өтеді.

Айта кетейік, Қазақстандағы және Орталық Азиядағы ең ірі болмаса да, ең үлкен фитнес-орталықтың бірі құжаттарға сәйкес Назарбаева 2001 жылы негізін қалаған "Әлем ЛТД" ЖШС болып саналады. 2017 жылы аталған ЖШС Виргин аралдарында Svelte Investor Limited оффшорлық компаниясы ретінде қайта тіркелген. Сонымен бірге, Әлия Назарбаева компанияны ресми түрде 2023 жылдың наурызында басқарған, бірақ 2023 жылдың 14 наурызынан бастап Әуелхам Назғұм Ахметжанқызы басшы болып тіркелді, ал 2024 жылдың ақпан айынан бастап басшы лауазымын Әмина Серікбайқызы Шапиева атқарып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары