21.04.2024, 16:30

Дзюдодан АЧ-2024: Ел қоржыны үшінші қола медальмен толықты

Фото: Оlympic.kz

21 жастағы Куюлова үшін бұл - ересектер арасындағы Азия чемпионатындағы алғашқы медалі.

Эсмигуль Куюлова Гонконгта дзюдодан өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болып, Қазақстан қоржынына осы жарыстағы үшінші медальды салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде спортшы жұбаныш раундында жеңіске жетіп, қола медальға таласу мүмкіндігіне ие болды.

Куюлова түркімен балуаны Зульхимар Дашкиновамен күш сынасты. Бастапқы жерлесіміз 1: 0 есебімен жеңіп жатса, жарыстың аяқталуына соңғы секундтар қалғанда иппон рәсімдеп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті. 

21 жастағы Куюлова үшін бұл - ересектер арасындағы Азия чемпионатындағы алғашқы медалі.