Адамдарды іздеу үшін ұшқышсыз ұшу аппараты іске қосылды.
Орал қаласының маңында орналасқан «Космос» және «Комаров» бау-бақша серіктестіктерінде бұрын үйлерінен кетуден бас тартқан жергілікті тұрғындар шұғыл эвакуациялануда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, осы сәтке дейін құтқарушылар үйлерінің төбесінде тұрған 4 жергілікті тұрғынды алып шықты.
«Азаматтарды су басқан аймақтан эвакуациялау арнайы операциясы ТЖ министрі Шыңғыс Әріновтің үйлестіруімен жүргізілуде. Тікұшақ әуеге көтерілді. Жұмыстар жүзу құралдарымен жүргізілуде. Адамдарды іздеу үшін ұшқышсыз ұшу аппараты іске қосылды», деп хабарлады ведомстводан.