Президенттің беделін түсіруге өте қарқынды жұмыс істеп жатыр.
Айтыскер ақын, депутат Ринат Зайытов Ескі Қазақстан неліктен билікке қайта оралғысы келтінін айтты, - деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның сөзінше, Қазақстанда отыз жылда үлкен шырмауық тамыр жайған.
Отыз жылда жоғарғы жақта үлкен орта қалыптасып алған, бір-бірімен сыбайласқан, байласқан. Анау ананың құдасы, анау ананың күйеу баласы, анау ананың бауырының досы деген сияқты. Бүкіл Қазақстанда тамырланып, шырмалып. Сондықтан негізгілерін жауапқа тарту керек, - деді депутат Bilgen Durys-қа сұхбатында.
Депутат осы орайда қазіргі су тасқынына кімдердің кінәсі бар екенін де жасырмай айтты.
Құлыбаев сияқтылардың пәрмені жүріп тұрғаннан кейін бұзылмады. Неге бұзылмады? Ол халықтың ішінде дабыра туғызуға ыңғайлы. Дабыраны неге туғызғысы келеді? Президенттің беделін түсіруге өте қарқынды жұмыс істеп жатыр. Қит етсе "Назарбаев жақсы" еді. Осы акция жүріп жатыр. Неге жүріп жатыр? Қазір бүкіл заңдар өзгеріп жатыр. Бұрынғы билікке қатысты, өздерінің ыңғайына жасап алған заңдар қайта өзгеріп жатыр. Олар оны қаламайды. Себебі ол жұмыс істей бастағанда ақшасынан айрылады. Сондықтан олар қайтадан билікке келгісі келеді", - деді ол сұхбатта.
Сонымен қатар, Зайытов Назарбаев әулетінің қолынан әлі күш барын, олар билік басынан кете қоймағандарын мәлімдеді.
...Ескі билікке қатысы бар адамдардың (апаттар кімнің әрекеті - еск.). Ескі билік деген кім? Бүкіл Қазақстанның ақшасын, бүкіл Қазақстанның атқарушы билігін басып алған топ еді ғой бұрын. Назарбаев әулеті деп айтсақ та болатын шығар. Соған қатысы бар адамдар. Қазір оларды ешкім ешқайда қуып жібере алған жоқ. Қазір мұнайдың да басты тетіктері солардың қолында, банктер солардың қолында, университтерге дейін", - деді Зайытов.