22.04.2024, 12:40

Жайық өзеніне батып бара жатқан ер адам құтқарылды

Фото: Видеодан кадр

Ер адамды БҚО полиция департаментінің кіші сержанты Әміржан Бірлесов құтқарып қалды.

Жайық өзенінде суға ағып бара жатқан ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ер адамды БҚО полиция департаментінің кіші сержанты Әміржан Бірлесов құтқарып қалды.

Оған ТЖМ қызметкерлері, «Ұлттық ұланның» әскери қызметшілері және сол төңіректе болған бірнеше азамат көмекке жүгірді.

Айтуларынша, мұндай оқиға тасқын су кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамай, қойылған шектеулерге құлақ аспағаннан туындайды.