Сондай-ақ Таиланд корольдігі азаматтары да Қазақстанға дәл осындай шарттармен келе алады.
Сыртқы істер министрлігі Ашық НҚА порталында тиісті Үкімет қаулысының жобасын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Жобада келісім мәтіні таныстырылған. Оған сәйкес, Қазақстан азаматтарының Таиланд аумағына 30 күннен аспайтын мерзімге баруы үшін оларды визалық талаптардан босату жоспарланып отыр. Бұл ретте 180 күн ішінде азаматтың Таиландта болған күндерінің жалпы саны 90 күннен аспауы тиіс. Сондай-ақ жолаушылардың паспортының жарамдылық мерзімі 6 айдан кем болмауы тиіс», - делінген құжатта.
Сондай-ақ Таиланд корольдігі азаматтары да Қазақстанға дәл осындай шарттармен келе алады.
Тайланд туризм басқармасының (TAT) мәлімдеуінше, өткен жылы елге 172 мың қазақстандық турист келсе, биыл 220 мыңға жетеді деп болжанып отыр.