Бишімбаевтың өзі қобалжып, жазбаның жалған екенін айтып отыр.
Астанада әйелін өлтірді деп айыпталған бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сотта тексеру кезінде Бишімбаевтың телефонының галереясынан 08.04 және 08.24 уақыт белгісі бар бейнефайлдар табылды.
Судьяның айтуынша, видеода Салтанат Нүкенова еденде жорғалап, диванның жанынан бірдеңе іздеп жатыр. Сол сәтте Бишімбаевтың дауысы естіледі:
"Сен онымен бірге болдың ба? Сен оның көңілдесі болдың ба?" деп сұрайды.
Бишімбаевтың өзі қобалжып, жазбаның жалған екенін айтып отыр.
Сондай-ақ, судья Айжан Құлбаева видеода Салтанат Нүкенованың үстінде қара пальто ғана барын айтты.