Бұл шаралар Абу-Даби Плаза бизнес орталығының ғимаратымен біріктірілген 112-ші LRT станциясының құрылысы бойынша жұмыстарды жүргізу үшін қажет.
LRT учаскелерінде жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты Сығанақ көшесінде көлік қозғалысы уақытша жабылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
LRT желісі құрылысының аумағын дайындау шеңберінде Сығанақ көшесінің бойында Министрліктер үйі мен «Қазақстан» Орталық концерт залы ауданында инженерлік желілерді қайта орнату жұмысы жүріп жатыр.
Осыған байланысты 10 шілдеден 15 тамызға дейін Сығанақ көшесінің Есіл өзені арқылы өтетін көпір тұсынан бастап «Қазақстан» ОКЗ және Министрліктер үйі жағына қарай көлік қозғалысына ішінара шектеу енгізіледі, - делінген ақпаратта.
Осылайша, 24 сәуір мен 30 қараша аралығында Ақмешіт көшесінен Түркістан көшесіне дейінгі аумақта Сығанақ көшесінің бойындағы көлік қозғалысын толығымен шектеу жоспарлануда. Бұл шаралар Абу-Даби Плаза бизнес орталығының ғимаратымен біріктірілген 112-ші LRT станциясының құрылысы бойынша жұмыстарды жүргізу үшін қажет.
Бұл ретте Ақмешіт көшесі мен Түркістан көшелері бойымен көлік қозғалысы ашылады.