Сондай-ақ, Премьер-Министр Алматы облысы және Қызылорда облысында инженерлік желілерге бөлінген қаражаттың тиімсіз игеріліп жатқанын мәлім етті.
Үкімет басшысы Олжас Бектенов проблемалық объектілердің құрылысын аяқтау жөніндегі жол картасын жетілдіруді тапсырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Өнеркәсіп министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, 1-ші маусымға дейін салынып жатқан барлық объекті құрылысының заңдылығы мен құжаттарына ревизия жүргізуі қажет. Оның қорытындысы бойынша бір айдың ішінде осыған дейін қабылданған проблемалық объектілерді аяқтау жөніндегі жол картасын өзектендіру керек», - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.
Сондай-ақ, Премьер-Министр Алматы облысы және Қызылорда облысында инженерлік желілерге бөлінген қаражаттың тиімсіз игеріліп жатқанын мәлім етті.
«Ең бастысы барлық үйді мерзімінде тапсыру үшін қатаң бақылау қажет. Сондай-ақ, көп өңірде инженерлік желілерді жүргізуге бөлінген қаражат тиімді игерілмей отырғанын атап өткім келеді», - дейді ол.