$ 494.87  520.65  4.91

Қытайдың су басқан аудандарында 40 мыңдай адам қалып қойды

Тасқын кезінде 4 адам қаза тауып, 11 тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті.

Фото: China Daily/Reuters
Фото: China Daily/Reuters

Қытайдың Гуандунь провинциясында тұрғындар су басқан аудандарда қалып қойған. Оларды құтқаруға қайықтар жіберіліп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қытайда бірнеше күннен бері толассыз жауған нөсер жауын салдарынан халқы ең көп Гуандун провинциясында қатты су тасқыны болды. Төпелеп жауған жаңбырдан өзендер арнасынан асып, соңғы 50 жылда болмаған ең жоғары деңгейге көтерілген. Ал елдің оңтүстігінде көшкін басталған, деп жазады El.kz.

Тасқын кезінде 4 адам қаза тауып, 11 тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті. Мектептер жабылып, миллионнан аса үй жарықсыз қалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары