Тасқын кезінде 4 адам қаза тауып, 11 тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті.
Қытайдың Гуандунь провинциясында тұрғындар су басқан аудандарда қалып қойған. Оларды құтқаруға қайықтар жіберіліп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қытайда бірнеше күннен бері толассыз жауған нөсер жауын салдарынан халқы ең көп Гуандун провинциясында қатты су тасқыны болды. Төпелеп жауған жаңбырдан өзендер арнасынан асып, соңғы 50 жылда болмаған ең жоғары деңгейге көтерілген. Ал елдің оңтүстігінде көшкін басталған, деп жазады El.kz. Тасқын кезінде 4 адам қаза тауып, 11 тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті. Мектептер жабылып, миллионнан аса үй жарықсыз қалған.