$ 494.87  520.65  4.91

Мемлекет басшысы KIA корпорациясының президентін қабылдады

Автоиндустрияны дамыту Қазақстанның өнеркәсіп саясатының негізгі бағыттарының бірі.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы KIA корпорациясының президенті Хо-сунг Сонгты қабылдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Президент автоиндустрияны дамыту Қазақстанның өнеркәсіп саясатының негізгі бағыттарының бірі саналатынын атап өтті.

Хо-сунг Сонг Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қостанайдағы автомобиль шығаратын толық циклді зауыт құрылысының барысы туралы мәлімет берді. Зауыт жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.

Фото: Ақорда

Жобаны жүзеге асыру үшін 90 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылған. 1,5 мың тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Зауыттың жобалық қуаты жылына 70 мың автомобиль шығаруға есептелген. Оның ішінде 50 мың автомобиль ұсақ бөлшектерден құрастыру әдісімен өндіріледі, яғни жергілікті өнім үлесі барынша жоғары болады.

Фото: Ақорда

Хо-сунг Сонг автомобильдің қосалқы бөлшектерін жаһандық деңгейде өндірушілерді Қазақстанға тарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Атап айтқанда, елімізде автокөліктің қосалқы бөлшектерін шығаратын зауыт салу жөнінде кореялық Seyong EHWA (KIA көліктеріне арналған автобөлшектер өндіруші) компаниясымен келісімге қол қойылды.

Мемлекет басшысы KIA корпорациясының Қазақстанда автобөлшектердің жергілікті өндірісін жолға қою туралы шешімін құптады. Сондай-ақ аталған саланы дамыту үшін білікті отандық мамандар даярлау қажет екенін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары