Дәстүрім карантин жылы ғана үзілді.
Саясаткер, қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан "Top baige" Youtube-арнасына берген сұхбатында 21 жыл бойы үзбей ораза айында Ұмраға барғанын айтты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның сөзінше, өкінішке қарай, бұл дәстүрі тек ауру тарап, әлем бойынша карантин болған жылы ғана үзілген, деп жазады Massaget.kz.
"Ең алғаш рет 2001 жылы рамазан айының соңғы күнінде қажылық етіппін. Содан кейін қазақша айтқанда дәндедім. Қадір түнін қасиетте жерде өткізудің жөні бөлек. Содан бері жыл сайын қажылық етемін. Дәстүрім карантин жылы ғана үзілді, бұл менің Ұмраға барып жатқан 21-ші рамазаным. 11 ай кірлеп, рамазан айы келгенде әйтеуір бір тазарып аласың. Пендесің ғой енді, дүниеге былғанасың, сосын тазалану үшін қайттан барасың. Сөйтіп жүргенде өзі өмір өтеді. Әрине, ғибадат ету пен адам жүрегінің емделуінің жөні бөлек. Бұл Құнанбайдың арманы, бұл Шәкәрімнің арманы", - деді ол.