$ 494.87  520.65  4.91

Найзағай, жауын-шашын: бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда күндіз найзағай күтіледі, найзағай кезінде екпінді жел 15-20 м/с. 

Фото: pixabay
Фото: pixabay

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 24 сәуірде елдің барлық дерлік өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жетісу облысының шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 25 м/с болады.

Ақмола облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Астанада солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, батысында күші 15-20 м/с. Облыстың орталығында, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. 

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с. 

Алматыда күндіз найзағай күтіледі, найзағай кезінде екпінді жел 15-20 м/с. 

Ақтөбе облысының түнде солтүстік-батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары