24.04.2024, 11:40

Оралда жақында бекітілген бөгет жарылып кетті

Фото: stan.kz

Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі бөгеттің не себепті жарылғанын айта алмады.

 

Күреңкей ауданындағы бөгеттің салынғанына біраз жыл болған. Бірақ су тасқыны мен судың күрт көтерілуіне байланысты топырақпен нығайтылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бөгет дәл ортасынан жарылып кеткен. Жергілікті тұрғындар жарықты топырақпен жауып жатыр.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Нұржан Төлеуіш брифингте бөгеттің не себепті жарылып кеткенін айта алмады. Десе де оның себебін анықтауға уәде берді.

Біз жақта бөгет салды. Жарылған дер әкпен бітеп жатыр. Отырғызған көшеттерімізді аппақ шаң басты. Өзіміз де дем ала алмай қалдық. Бұл аймақта көбіне зейнеткерлер тұрады, балалар да бар. Оған қоса бұл жерді ешқашан су басқан емес. Бұл бөгетті не үшін салғаны белгісіз, – дейді жергілікті тұрғындардың бірі.