Бүгін сот отырысында Бишімбаев хабарласқан көріпкелден жауап алынуда.
Астанада әйелін өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Бүгін сот отырысында Бишімбаев хабарласқан көріпкелден жауап алынуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Бишімбаевпен соңғы рет 19:30-да сөйлескеннен кейін оның анасы Альмираға телефон соқтым. Мен оған: «Балаңыз бірдеңе бүлдірді. Олар қатты ұрысып қалған сияқты, барып біліңіз, дедім. Анасы қатты жылай бастады, мен трубканы қойдым», - дейді көріпкел.
"Бишімбаевпен бетпе-бет кездескенсіз бе" деген сұраққа куәгер "біз кейде Шымкентте кездесіп тұратынбыз" деп жауап берді.