Бұл сәт Instagram парақшада жарияланды.
2024 жылғы 24 сәуірде Алматыда жаңбыр кезінде найзағай Көк Төбедегі телемұнараға тиген. Бұл сәтті жергілікті фотограф Александр Шаварев түсіріп алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол бұл қысқа әрі ерекше бейнені өзінің Instagram парақшасында жариялады.
Оқырмандар бұл кадрға қатысты түрлі пікірлерін білдіріп жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с деп болжанды.