$ 494.87  520.65  4.91

Қыз зорлаған фотограф жұмыс істеген танымал басылым мәлімдеме жасады

Фотограф Азамат Кенжеғұлов Esquire Kazakhstan компаниясында жұмыс істеген. Осыған байланысты редакция мәлімдеме жасады.

Фото: esquire.kz
Фото: esquire.kz

Алматыда 22 жастағы қыздың зорлануына қатысты атышулы іс бойынша сот үкімі шықты. Бұған дейін Элина есімді жәбірленуші зорлықтың құрбаны болғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, барда коктейль берген танысы кейін үйіне апарып зорлаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Фотографтың есімі Азамат Кенжеғұлов, ол Esquire Kazakhstan компаниясында жұмыс істеген. Осыған байланысты редакция мәлімдеме жасады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Алматыда танымал фотограф 22 жастағы қызды зорлағаны үшін сотталды

«Құрметті оқырман!

Бүгін сот фотограф Азамат Кенжеғұловты "жәбірленушінің зорлық-зомбылық немесе дәрменсіз жағдайын пайдаланып зорлау" бабы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырды.

Кенжеғұловтың Esquire Kazakhstan компаниясымен ынтымақтасқаны белгілі және осыған байланысты мәлімдеме жасау маңызды деп санаймыз.

Esquire басылымы бірнеше жыл бойы фотографпен жобалық ынтымақтастықта болды. Редакция Кенжеғұловқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын және тергеу барысы туралы білген жоқ. Сондықтан үкімге оқырман сияқты біз де таң қалдық.

Esquire Kazakhstan зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсы және оны қабылдамайтынына назар аудару маңызды деп санайды.

Біздің басылымның басты қағидатының бірі - қазақстандықтардың  құқықтарын құрметтей отырып, кез келген әділетсіздікті барынша егжей-тегжейлі жариялау.

Сондықтан Кенжеғұлов жасаған қылмыс кешірілмейтіндердің қатарында деп санаймыз».

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары