25.04.2024, 10:40

«Баталов екеуін ешнәрсе байланыстырмайды»: Салтанаттың ағасы мәлімдеме жасады

Фото: aitym инстаграм парақшасынан

Сонымен қатар Айтбек сотталушының ойындағы нәрсе тек оның миында екенін айтады.

Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында қазақстандық танымал кәсіпкер Райымбек Баталовтың да есімі аталды. Көптің көкейінде жүрген сұраққа жәбірленуші Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Instagram-дағы парақшасында жауап беріп, әңгіменің нүктесін қойды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz - ке сілтеме жасап. 

"Бүгін басты сот тергеуі аяқталды. Бейнежазбаларды қайта қарадық және мен қазір тек бір мәселені талқылап, нүктесін қойғым келеді. Өйткені бұл тақырып өте маңызды. Мен бұл туралы соңғы рет айтып отырмын деп үміттенемін. Мен қазір Линара және Райымбек Баталовтарға хейт кетіп жатқанын білемін. Мен олар да сот отырысынан зардап шеккен басқа да тараптар секілді жәбірленуші деп ойлаймын. Олар да осы уақыт аралығында өзінің психикалық тұрақтылығын жоғалтқан бүкіл Қазақстан халқы сияқты", – деді марқұмның ағасы.

Сонымен қатар Айтбек сотталушының ойындағы нәрсе тек оның миында екенін айтады.

"Кеше біз телефоннан бейнежазбаны қараған кезде судья видеолардың аяқ жағын ғана қойды. Сондықтан көпшілік түсінбей қалды. Видеоның басында Салтанат ұзақ уақыт бойы өзіне қойылған сұрақтарға нақты жауап береді, ал айыпталушы сұрақтың жауабы өзіне ыңғайлы болмайынша қайталап қоя берді", – дейді Айтбек Амангелді.

Айтбек Амангелдінің айтуынша, бейнежазбада Салтанат пен танымал кәсіпкер Райымбек Баталов екеуін ешнәрсе байланыстырмайды.

Марқұмның ағасы олардың араларында ешнәрсе жоғын нақтылап өтті.

"Мен бұдан басқа қандай түсініктеме, дәлел қажет екенін білмеймін. Шынымды айтсам маған бәрібір. Сот аясында біз бәрін дәлелдедік. Видеоның бұл бөлігі неліктен тікелей эфирде естілмегенін білмеймін. Өйткені біз адамдар Салтанаттың дауысын естуі үшін әдейі осы видеоны тыңдауға қойған болатынбыз. Сондықтан бұл жай ғана – факт. Ол ауру сұрағына жауап алу үшін оны түні бойы азаптады. Мен оның неге Райымбек Баталовқа сонша қызғанышпен қарайтынын білмеймін, түсінбеймін”, – деді Айтбек Амангелді.

Бұдан бөлек ол айыпталушының өзіне қызғануға себеп ойлап тауып, мотив жасағанын атап өтті.

“Кеше маған көптеген адам Салтанатты түсінде көргенін, түс бойынша Салтанат сот залында отырғанын жазды. Олардың айтуынша, осындай түсті біз сотта видеоларды көріп бастағаннан бір түн бұрын бірнеше адам бір уақытта көрген. Түсте Салтанат бүгін жеңіс болатынын айтқан. Айтпақшы, ең басында, менен жауап алған кезде, мен адвокатқа егер Салта қазір тірі болса, сотталушы Салтанатты тіпті адвокаттан қызғанатынын айтқан едім. Бұл сотталушының жеке мәселесі, ауытқушылығы", – деп сөзін түйіндеді Айтбек Амангелді.