Сен осындай жағдайды тудырмауың керек еді. Сенің кесіріңнен үш адам қайтыс болды, түсінесің бе, 7 бала жетім қалды!
Алматыда үш адамның өмірін қиған автоус апатына қатысты сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Зардап шеккен тарап айыпталушы мен автопарк өкілдерінен 20 млн теңге көлеміндегі өтемақыны талап етіп отыр. Алайда олар туыстарынан айырылғандардың талабымен келіспей отыр.
Ал автобус жүргізуші Ермек Шөкебаева өзін соққыға жыққан сотталушыға бейәдеп сөздер айтпағанын айтып ақталуда.
Айта кетейік, Жоғарғы соттың шешімімен бұл іс бойынша процесс те онлайн режимде көрсетіледі.
Жәбірленушілердің талап-арызымен айыпталушы Дархан Ахметжанов бірден келіспейтінін айтты. Қоғамдық көлікке тиесілі автобус компаниясы да 20 млн теңге моральдық өтемақыны төлемейміз деп отыр.
Құрметті сот, талап-арызды қолдамаймыз. Себебі қылмыстық іс бойынша біз айыпталушы, күдікті тарап ретінде танылмағанбыз. Сол себепті қолдамаймыз, - дейді автопарк өкілдері.
Компанияның сөзімен автобус жүргізушісі де келісіп отыр. Ермек Шөкебаева бұл оқиғада өзінің жәбірленуші екенін алға тартты. Әрі өзін соққыға жыққан ер адамға "оның ашуын тудыратындай сөздер айтпадым" деп ақталды.
Ахметжанов маған көп балағат сөз айтты. Бірақ мен ол сөздердің ешқайсысын көңіліме ілмедім. "Иә айта бер, айта бер" дедім, - дейді автобус жүргізушісі Ермек Шөкебаева.
Дегенмен жантүршігерлік апаттан қаза болған Айдос Әлменбаевтың жары жүргізушіге әдеттегідей өз уәжін айтты. Үш баласымен жалғыз қалған ана оның жауапқа тартылуын тағы талап етіп отыр.
Сен осындай жағдайды тудырмауың керек еді. Сенің кесіріңнен үш адам қайтыс болды, түсінесің бе, 7 бала жетім қалды!, - деді жәбірленуші Айнұр Құсайынова.
Айыпталушы Дархан Ахметжанов та тергеу кезінде жүргізушіге қатысты кей деректі жария етіпті. Жүргізуші ер адамның ұялы телефонын тартып алып, жол ақысын өзі төлемек болған . Бұл әрекеті камераға да жазылған көрінеді.
Жүру барысында жүргізуші Шөкебаева менің қолымдағы ұялы телефонымды менің рұқсатымсыз қолымнан тартып алып, ұялы телефонымның бірлігін тексеріп көрді. Сөйтіп жүргізуші Шөкебаева менің ұялы телефонымнан жол жүру ақысы ұялы телефонымның бірлігін СМС 9909 арқылы жібере бастады. Алайда жол жүру ақысы өтпеді, - деді Ахметжанов.
Айта кетейік, жантүршігерлік жол апаты желтоқсан айында Райымбек даңғылының бойында болды. №47 бағыттағы қоғамдық көлік жолдың жиегіндегі бір топ адамды қағып өтіп, соның салдарынан үш адам көз жұмды. Төртеуі түрлі жарақатпен ауруханаға түскен. Аталмыш оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабымен іс қозғалған. Күдікті кінәлі деп танылса, cегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:
Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты сот отырысы өтіп жатыр «Артында 4 баласы қалды»: Алматыдағы автобус апатында қаза тапқан ерлі-зайыптылар жерленді Алматыдағы автобус апаты: Куәгерлер жанжалдың неден шыққанын айтып берді