Адрианға 4 жылдық басшылық кезіндегі жетістіктері үшін алғыс айтып, оған бар жақсылықты тілейміз.
Air Astana тобы FlyArystan басқаруындағы өзгерістер туралы хабарлайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Air Astana тобы (бұдан әрі - «Топ») Топтың еншілес бюджеттік бөлімшесі FlyArystan компаниясының президентi Адриан Хэмильтон-Маннс отбасымен көбірек уақыт өткізу үшін компаниядан кетіп, Оңтүстік Африкаға оралу туралы шешім қабылдағанын хабарлайды, деп мәлімдейді BAQ.KZ.
Ричард Леджер 20 мамыр дүйсенбіден бастап FlyArystan және Air Astana тағайындаулар комитеті мен директорлар кеңестерінің жарғылық ережелеріне сәйкес және міндетті реттеу рәсімдеріне сәйкес тұрақты тағайынға дейін президент міндетін атқарушысы болып тағайындалады. Хэмильтон-Маннс мырза мамыр айының соңына дейін FlyArystan-да болып, істер мен қызметін Леджер мырзаға тапсыратын болады.
Леджер мырза 2009 жылдан 2017 жылға дейін Air Astana жаһандық сату жөніндегі директоры және 2017 жылдан 2022 жылға дейін маркетинг және сату жөніндегі вице-президент қызметін атқарды. Леджер мырзаның басшылығы арқасында компанияның кірісі 2008 жылғы 646,8 млн АҚШ долларынан 2022 жылғы 1,02 миллиард АҚШ долларына дейін 58%-ға өсті. Қазіргі уақытқа дейін Леджер мырза Лондонда орналасып, Ұлыбританиядағы, Еуропадағы және Америкалардағы Air Astana қызметіне жауапты.
Хэмильтон-Маннс мырза FlyArystan компаниясына 2020 жылы келді. Оның басшылығымен компанияның кірісі 2020 жылғы 57,4 млн АҚШ долларынан 2023 жылы 277,8 млн АҚШ долларына дейін 384%-ға өсті, осының арқасында FlyArystan әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан әуекомпаниялар қатарына қосылды.
Air Astana тобының бас атқарушы директоры Питер Фостер кадрлық өзгерістерге қатысты түсініктеме берді.
Адрианның компаниядан кету туралы шешімін өкінішпен естідік, бірақ бұл шешім Қазақстан мен жанұясы тұратын Оңтүстік Африка арасындағы қашықтыққа байланысты отбасылық себептермен туындағанын түсінеміз. 2020 жылдан бері FlyArystan стартаптан 19 ұшақ паркі бар, кірісі айтарлықтай жоғары, географиялық қамту жағынан да дамыған әуекомпанияға айналды. Адрианға 4 жылдық басшылық кезіндегі жетістіктері үшін алғыс айтып, оған бар жақсылықты тілейміз. Топ басқару құрамымен ерекшеленеді және біз Ричард Леджердің FlyArystan президентінің міндетін атқарушысы ретінде Қазақстанға оралғанына қуаныштымыз. 2009 жылдан 2022 жылға дейін Ричард Топтың өсуін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарды, оның ішінде Covid-19 жаһандық пандемиясынан кейін Топ қызметін тез қалпынакелтіруде және сол кезде Air Astana мемлекеттен немесе акционерлерден қаржылық қолдауды қажет етпейтін бірнеше әуекомпаниялардың бірі болуында. Ричард FlyArystan-ның тиімді өсуін жалғастыратынына сенімдіміз, - деді ол.