$ 441.66  475.14  4.86

«Кәрім Мәсімов, Қайрат Сатыбалдылар ашық сотталса, жатып алып қарайтын едім» - Ринат Зайытов (ВИДЕО)

Бишімбаев – таза кісі өлтірген адам ғой. Оның оқиғасы да, дымы да маған қызық емес.

Белгілі ақын, мәжіліс депутаты Ринат Зайытов "Білген дұрыс" бағдарламасына берген сұхбатында Бишімбаев соты туралы пікір білдірді. Депутат Бишімбаевтың сотын осылай ашық түрде көрсетуді дұрыс санамайды екен, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Кәрім Мәсімов, Қайрат Сатыбалдылар ашық сотталатын болса, мен де жатып алып қарайтын едім. Бишімбаев – таза кісі өлтірген адам ғой. Оның оқиғасы да, дымы да маған қызық емес. Неге оны көрсете береді?".

Қоғамда мұндай проблема барын алға тартқан жүргізушінің сөзіне төмендегідей жауап берді.

"Сұраныс бар, проблема емес. Атам қазақ сол кезде айтқан, итке төсек не керек, естіге өсек не керек, деп. Біз қазір өсекпен өмір сүргіміз келеді. Қазақстанның алдағы қуаңшылыққа дайындығы халыққа керек емес. Есесіне Райм мен Ерке бәріне қызық", - деді Зайытов. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ринат Зайытов бұрынғы министрді кезіндегі жүйеде жұмыс істеп, қоғамды қалай алдау керектігін өте жақсы меңгерген деп айтқан болатын.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Нүкеновтер ақпараттық соғыста жеңіліп жатыр» - Ринат Зайытов

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары