Ырысгүл Базарханның айтуынша, ата-енесі қызды 23 жыл аңсап күткен.
Ақтауда әйелді перзентханадан күйеуі мен енесі, 4 ұлы мен 2 келіні шығарып алды. Қуанышты жаңалықты жаңа босанған әйелдің келіні Айжамал Кенбаева Instagram парақшасы арқылы жарияға жар салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ал әйелдің екінші келіні Ырысгүл Базарханның айтуынша, ата-енесі қызды 23 жыл аңсап күткен. Олар нәрестеге Айсәуле есімін берген.
«Аллаға шүкір дегеннен артық не жазамын? Қандай әдемі көрініс. Жұбайы, 4 ұлы, енесі мен 2 келіні бұлай шығарып алу үлкен бақыт қой. Атам 101 раушаны мен ұлдары бір-бір құшақ гүлден сыйлағаны қандай... Көз тимесін, бәріңіздің үйіңізде осындай той болсын!», - деп жазды Айжамал әлеуметтік желідегі парақшасында.
Желі қолданушылары ақтаулық әйелдің қуанышына ортақтасып, ақ тілегін жаудырды.