Жекпе-жек 5 раудқа созылды.
Бүгін қазақстандық боксшы Ангелина Лукас Бангкоктегі (Таиланд) бокс кешінде жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Рингте қазақстандық спортшы Үндістан өкілі Мамты Сингхпен (5-2, 2 КО) кездесті. Жекпе-жек 5 раудқа созылды. Төреші кездесуді уақытынан бұрын аяқтап, қазақстандық боксшыға техникалық нокаут тіркелді.
Осылайша қазақстандық ару кәсіпқой рингтегі тоғызыншы жеңісіне қол жеткізп, WIBF және WBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеудің иегері атанды.