Бүгінгі таңда ұзындығы 240 км қорғаныс бөгеттерін нығайту жүргізілді.
Азаматтық қорғау қызметтерімен Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы іс-шаралар, су тасқыны салдарын жою және халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жалғасуда, деп хабаралйды Skifnews.kz ақпарат порталы ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысында жағдай тұрақталды. Су басқан саяжай аумақтарына мониторинг жүргізу жалғасуда. Төтенше жағдайлар және полиция департаментінің қызметкерлері бірлесіп, су басқан аумақтарды патрульдеуде.
Көмекке келген Ақтөбе, Түркістан облыстары төтенше жағдайлар департаменттерінің жеке құрамынан құрылған жиынтық топтардың күштері мен құралдары Жайық өзенінің бойында орналасқан елді мекендерде су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізу үшін Батыс Қазақстан облысынан Атырау облысына жіберілді.
Атырау облысында Жайық өзенінің мониторингі жалғасуда, судың деңгейі көтерілгені байқалады. Су тасқынынан қорғау мақсатында Атырау қаласында бөгеттерді нығайту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда ұзындығы 240 км қорғаныс бөгеттерін нығайту жүргізілді. Бұған дейін көмекке келген күштер мен құралдар учаскелерге бөлініп, қажетті жұмыстарды атқаруда.
Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 6 082 тұрғын үй мен 2 584 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Республика бойынша 35 122 адам өз үйлеріне оралды. 8 520 адам эвакуациялау пункттерінде.
Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 25 мыңнан астам адам, 3 мың техника, 634 су сору құралы, 268 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылды.