$ 439.43  473.31  4.82

Рыбакина Мадрид WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты

Рыбакина өткен аптада Штутгарт WTA 500 турнирінде чемпион атанған болатын.

Фото: ҚТФ
Фото: ҚТФ

Елена Рыбакина Мадрид (Испания) WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жарысты екінші айналымнан бастаған қазақстандық теннисші алғашқы матчын дүниежүзілік рейтингіде 46-орында тұрған италиялық Лючия Бронцеттимен өткізді.

Бұл қос теннисшінің өзара бірінші кездесуі еді.

Бастапқы партияда Елена 2:0 есебімен алға шыққанымен, Лючия таразы басын теңестірді. Дегенмен Рыбакина брейкпен тәмамдады – 6:4.

Екінші сетті Бронцетти брейкпен бастағанымен, Рыбакина ойын тізгінін қайта қолға алды – 4:1. Содан кейін қатарынан үш эйс жасап, бірінші матчболын сәтті пайдаланды – 6:3.

Елена Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 21-ракеткасы, украиналық Марта Костюк немесе рейтингіде 72-сатыдағы мысырлық Майар Шерифтің қай жеңгенімен шеберлік таластырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары