$ 475.03  517.21  5.44

ІІМ: "Ақтөбе" футбол командасының жанкүйерлері жауапқа тартылды

Әрине, өз командаларыңызды эмоционалды түрде қолдауға болады.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz

"Ақтөбе" командасының жанкүйерлерін алматылық құқық қорғау органдары әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, бұған қоғамдық орынды ластау және балағат сөздер себеп болған. Сондай-ақ, әкімшілік жауапкершілік ұсақ бұзақылық, спорттық іс-шаралардағы мінез-құлық ережелерін бұзу және қоғамдық орында алкогольдік ішімдік тұтынуды да қамтиды, деп жазады zakon.kz.

"Бұл арада осындай дөрекі әрекеттерімен олар тек "футбол жанкүйерлері" институтына ғана емес, сонымен қатар бүкіл елдің имиджіне де зиян тигізетінін атап өткен жөн. Әрине, өз командаларыңызды эмоционалды түрде қолдауға болады және бұл қажет те, бірақ ол заң аясында жүруі тиіс, өз мінез-құлықтарыңызбен қарсылас команданы да, қарапайым азаматтарды да қорлауға жол бермей", - деді Әлекешев.

Сондай-ақ, ол қоғамдық тәртіпке қол сұғатын әрбір заңсыз әрекет міндетті түрде жауапкершілікке әкеліп соқтыратынын еске салды.

QFL-2024 тізіміне "Ақтөбе" сенімді түрде көшбасшылық етіп келеді. 20 сәуірде аталған футбол клубы алматылық "Қайратты" 3:1 есебімен жеңді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары