$ 495.2  522.34  4.94

Түркістан облысында оқушы қызды бірнеше жігіт зорлаған: полиция мәлімдеме жасады

Кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, қамауға алынды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Желіде Түркістан облысында оқушы қызды бірнеше жігіттің зорлады деген ақпарат тарады. Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қабденовтың айтуынша, жалған ақпарат таратушылар анықталатын болады. Оларға қатысты әкімшілік және қылмыстық шаралар қолданылады.

"Желіде Төлеби ауданы Зағамбар ауылында болған оқиға туралы ақпарат таралуда. Бұл - жалған. Оқушы қызды бірнеше жігіт зорлады және ол жүкті деген ақпарат шындыққа жанаспайды", - деді Мұрат Қабденов.

Оның айтуынша, 24 сәуірде кәмелетке толмаған қызды зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, қамауға алынды. Сараптама тағайындалды және қылмыстық іс сотқа жолданады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары