$ 494.87  520.65  4.91

Бибісара Асаубаева әлеуметтік желіден «жоғалып» кетуінің себебін түсіндірді

Құдды ғажайыпқа ұқсайды.

Фото: bibisarachess инстаграм парақшасынан
Фото: bibisarachess инстаграм парақшасынан

Қазақстанның үздік шахматшысы Бибісара Асаубаева  әлеуметтік желіде жеті ай бойы өзінің көзден тасада жүруінің себебін түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Шахматшының айтуынша, 2023 жылғы қыркүйекте хакерлер оның Instagram-дағы парақшасын бұзған.

Асаубаеваның Instagram-дағы аккаунты 26 қыркүйекте бұзылып, жойылған.

Мен оралдым. Қызық сезімді бастан кешіріп отырмын. Себебі жеті ай бұрын, 26 қыркүйекте біреулер аккаунтымды бұзып, өшіріп тастады. Оны қайтарамын деген үміт те үзіле бастаған. Бірнеше күн бұрын бір кісі анам екеумізге хабарласып, аккаунтымды қалыпқа келтіргенін мәлімдеді. Құдды ғажайыпқа ұқсайды, - деп жазды Бибісара Асаубаева Stories-те.

Блицтен екі дүркін әлем чемпионы уақытша пайдаланған жаңа аккаунтын өшіргенін мәлімдеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Bibisara Asaubayeva (@bibisarachess)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары