$ 474.62  517.19  5.39

Жамбыл облысында қар жауды (ВИДЕО)

Сәуір айында оңтүстіктегі ерекше құбылыстың видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Жамбыл облысында қар жауды. Сәуір айында оңтүстіктегі ерекше құбылыстың видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

 «27 сәуір. Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, қар жауды», - делінген видеоның бірінде.

Бұған дейін синоптиктер 25, 26 және 27 сәуірде республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін деп ескерткен болатын.

Еліміздің солтүстік облыстарында түнде минус сегіз градусқа дейін суытады деп болжанған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары