29.04.2024, 10:40

Бүгін - Нұрлан Әлімжанның туған күні

Фото: neonomad.kz

«Менің балалық шағымның аспаны» киноэпопиясындағы Н.Ә.Назарбаевтың рөлдері арқылы жалпақ жұртшылыққа аса танымал болды.

Осыдан 40 жыл бұрын (1984) актер, әнші, композитор, жүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Баянғалиұлы ӘЛІМЖАНОВ дүниеге келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматы қаласында туған. 2005 жылы Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Музыкалық театр мен кино актері» факультетін бітірген.

Еңбек жолы: 2003-2008 жылдары Ғ. Мүсірепов атындағы Мемлекеттік академиялық театрының актері болды. «Хабар» телеарнасындағы «Жұлдызды дода» телевизиялық шоуының жүргізушісі қызметін атқарған. 2021-2023 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасының бастығы болды. Оқу ордасында жүріп Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық «Ағайынды» телесериалындағы Қуаныш рөлі және «Елбасы жолы», «Менің балалық шағымның аспаны» киноэпопиясындағы Н.Ә.Назарбаевтың рөлдері арқылы жалпақ жұртшылыққа аса танымал болды.

Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын алды. «Нұр Отан» партиясының «Жас тұлпар» жастар сыйлығының иегері. ҚР мәдениет пен өнер саласындағы мемлекеттік степендияның лауреаты.