$ 473.15  515.12  5.4

«Туысқаның жол-көлік оқиғасына түсті»: Алаяқтықтың жаңа схемасы әшкере болды

Осындай схема бойынша 1 млн. теңгеден астам ақша қаражатын иемденіп, 2 жәбірленушіні алдаған.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Курьер ретінде елорданың 27 жастағы тұрғыны жұмысты Telegram-арнасы арқылы  хабарландырудан тауып, қылмыстық топтың сыбайласы болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы уақыттары телефондық алаяқтармен азаматтардың ақшалай қаражарттарын иемденіп алу үшін курьерлерді пайдаланатын жағдайлар жиілеп кетті.

Телефондық алаяқтар әртүрлі сайттарға курьерлік жұмысты ұсынып өздерінің нұсқауы бойынша әрекет ете отырып, оларға белгілі бір ақыға қылмыстық жолмен алынған қаражатты аударуы туралы жарнамаларды орналастырып отырған.

Үкіммен анықталғандай, телефондық алаяқ жәбірленушіге оның қызының адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасын жасағанын және істі оң шешу үшін оған ақша қаражатын аудару қажет екенін айтқан.

Осындай схема бойынша 1 млн. теңгеден астам ақша қаражатын иемденіп, 2 жәбірленушіні алдаған.

Курьер ретінде елорданың 27 жастағы тұрғыны жұмысты Telegram-арнасы арқылы  хабарландырудан тауып, қылмыстық топтың сыбайласы болған.

Кінәлі ақшаны алып, өзіне осы ақшаның 10% қалдырып, қалған соманы белгісіз тұлғалардың есепшотына жіберіп отырған.

Сот үкімімен сотталушы жәбірленушілердің пайдасына материалдық шығынды өндірумен сотталды.

 Үкім заңды күшіне енді.

Қылмыстық топтың сыбайластарына қатысты, оның ішінде, қылмысты ұйымдастырушыға қылмыстық іс жеке өндіріске бөлініп, оны анықтау және одан әрі қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша барлық шаралар қабылдануда.

Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды мұқият болуға және өзінің ақша қаражатын бейтаныс адамдарға бермеуге, мұндай фактілер туралы дереу полицияға хабарлауға шақырады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары