29.04.2024, 22:30

«Собчак та, Грейс те аккредитация алған жоқ» – Сыртқы істер министрлігі

Фото: xenia_sobchak инстаграм парақшасынан, видеодан парк

Естеріңізде болса, 22 сәуір күні Қунадық Бишімбаев сотына Ксения Собчак келген болатын. Ал, блогер Наталья Грейс Бишімбаевтың ата-анасынан сұхбат алғаны белгілі болып отыр. 

Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысқан ресейлік журналисттер Ксения Собчак пен блогер Наталья Грейс ресми түрде аккредитация алмаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.

«Біріншісі де, екіншісі де аккредитациядан өткен жоқ. Олар сотқа кім ретінде қатысқанын сот өкілдерінен сұраңыздар», - деп жауап берді Смадияров журналистердің сұрағына жауап беру барысында.

Естеріңізде болса, 22 сәуір күні Қунадық Бишімбаев сотына Ксения Собчак келген болатын. Ал, блогер Наталья Грейс Бишімбаевтың ата-анасынан сұхбат алғаны белгілі болып отыр.