$ 472.49  515.44  5.41

Kaspi.kz Alipay+ серіктестікте бүкіл Қытай аумағындаQR код арқылы төлеу қызметін іске қосты

Қытайға барған қазақстандықтарға енді қолма-қол ақша немесе картаны алып жүрудің қажеті жоқ.

Фото: Kaspi
Фото: Kaspi

Бүкіл Қытай аумағындағы дүкендер, кафелер, такси және басқа да 80 миллионнан астам сауда, қызмет көрсету нүктелерде Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы QR кодпен төлеуге болады. 

Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:

«Көптеген қазақстандықтар Қытайда жұмыс істейді, оқиды және демалады. Біз сүйікті тұтынушыларымыздан шетелде төлем жасау өз еліміздегідей оңай болса деген пікірді жиі аламыз. Сондықтан біз AliPay+ компаниясымен серіктестік орнатып, әрбір қазақстандық үшін жаңа қызметті іске қостық. Енді Kaspi.kz мобильді суперқосымшасының көмегімен Қытайдың түкпір-түкпіріндегі сауда нүктелерінде кез келген тауар ақысын төлеуге болады. Біз серіктесіміз AliPay+ серіктестік үшін, ал сүйікті клиенттерімізге - бізбен бірге болғаны үшін алғыс айтамыз»! 

Венеция Ли, Қытайдағы Ant International компаниясының бас директоры (Venetia Lee, Greater China General Manager of Ant International):

«Alipay+ Қытайдың құрлық бөлігінде Kaspi.kz-тің көптеген пайдаланушыларын мобильді төлеммен еш кедергісіз қамтамасыз ету үшін Қазақстандағы бірінші және жетекші суперқосымша Kaspi.kz-пен серіктестік туралы қуана хабарлайды. Бұл серіктестік Kaspi.kz пайдаланушылары үшін саяхат пен сауда сапасын жақсартады. Біз саяхат, сауда және коммерция арқылы адамдар мен қауымдастықтарды жақындастыру үшін инновациялық технологиямыз бен қызмет көрсету сапасын дамытуды жалғастырамыз».

Сатып алған зат ақысын төлеу үшін Kaspi.kz қосымшасын ашып, AliPay+ қызметін таңдап, сатушыға QR кодты сканерлеуге мүмкіндік берсеңіз болғаны. Немесе сатушының QR кодын сканерлеуге болады.

Kaspi QR көмегімен Қытайда сатып алған зат ақысын  қалай төлеуге болатыны туралы толығырақ Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы Гид бөлімінен оқыңыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары