Осыған дейін қарсыластар өзара алты рет кездесіп, бәрінде ресейлік спортшы жеңген екен.
Александр Бублик Мадрид мастерс турнирінде әлемнің 4-ракеткасына жол берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 4-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведевке тап болды.
Осыған дейін қарсыластар өзара алты рет кездесіп, бәрінде ресейлік спортшы жеңген екен.
Бұл жолы бірінші партияда тай-брейкте Медведев сәтті ойнады – 7:6 (7:3). Ол екінші сетте де есесін жібермеді – 6:4.
Мадрид мастерс жарысының төртінші айналымына дейін жеткен Бублик ATP Live рейтингісінде 17-орынға шығып тұр. Бұл оның жеке рекорды болмақ.