$ 443.44  480.51  4.88

Астана әуежайы жыл соңына дейін түнде жұмыс істемейтін болды

Осыған байланысты Астанадан/Астанаға орындалатын әуекомпаниялардың рейс кестесіне өзгерістер енгізілуде.

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Астана әуежайы 1 мамыр мен 24 желтоқсан аралығында түнгі уақытта жұмыс істемейді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әуежайдың ресми сайты ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізуге байланысты Астана халықаралық әуежайында орындалатын рейстерге өзгерістер енетінін мәлімдеді.

1 мамырдан бастап жөндеу аяқталғанға дейін, жергілікті уақыт бойынша сағат 22.00-ден 6:00-ге дейін елорда әуежайының әуеайлағында ұшақтарды қабылдау және ұшу тоқтатылады.

Осыған байланысты Астанадан/Астанаға орындалатын әуекомпаниялардың рейс кестесіне өзгерістер енгізілуде.

Жолаушылардан сапарларын алдын ала жоспарлауын және әуекомпаниялардың анықтамалық қызметтері, қосымшалар мен әуежай қызметтері, сондай-ақ әуекомпаниялардың хабарламалары сияқты барлық қолжетімді ақпарат көздерін пайдалануды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары