$ 494.87  520.65  4.91

Қызметінен босатылған Бағдат Мусин мәлімдеме жасады

Мен қарапайым қазақстандықтардың өмірін жеңілдеткен жетістігіміз – цифрлық мемлекеттік қызметтерді мақтан тұтамын.

Фото: golos-naroda.kz
Фото: golos-naroda.kz

Экс-министр әлеуметтік парақшасында отставкаға өзі өтініш бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жазбада Бағдат Мусин Президентке артқан сенімі үшін алғысын айтып, артынша Қазақстанның әлемдегі ең дамыған цифрлы елдер қатарына кіретінін айтып өтті.

Менің отставкаға кеткенім туралы соңғы жаңалықты естіген шығарсыздар.
Бірінші кезекте еліміздегі маңызды саланың бірі - цифрландыру саласын басқаруды сеніп тапсырған және мүмкіндік берген Мемлекет басшысына алғыс айтқым келеді.

3 жыл ішінде көп нәрсе жасалды және әлі де жасала бермек. Бүгінгі таңда Қазақстан әлемдегі ең дамыған цифрлы елдердің бірі деп айтуға негіз көп.
Бұл алдымен кәсіби мамандар жиналған үлкен команданың еңбегі, біз олармен бірге өсіп, қатар келген қиындықтарды да, үлкен жеңістерді де бірге бөлістік.
Цифрлы сервистерді енгізу үдерістеріне және Цифрлы даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің дамуына қолдау көрсеткен, сенім білдірген және қатысқан әрқайсыңызға ризамын.

Мен қарапайым қазақстандықтардың өмірін жеңілдеткен және ыңғайлы еткен жетістіктерімізді мақтан тұтамын, бұл әрине - цифрлы мемлекеттік қызметтер.
Сонымен қатар, біздің прогрессивті цифрлы өнімдеріміз халықаралық деңгейде атап өтілді және біздің елімізді әлемдік цифрлы көшбасшылар қатарынан көрінуге мүмкіндік берді.

2020 жылдан бері көп іс тындырылды, алда талай шаруа күтіп тұр. Бүгінгі таңда Қазақстанды әлемдегі ең дамыған цифрлық елдердің бірі деп атауға болады.

Мен қарапайым қазақстандықтардың өмірін жеңілдеткен жетістігіміз – цифрлық мемлекеттік қызметтерді мақтан тұтамын, - деп жазды Бағдат Мусин.

 

Жазбаның астына Мусиннің оқырмандары мен бұрынғы әріптестері сәттілік тілеп, оның қызметіне оң баға беріп жатты.

Экс-министр Асхат Аймағамбетов: Сәттілік тілеймін! Ауыз толтырып айтуға болатын нақты нәтижелер бар, - деп жазды.

Әрі бизнес өкілі Турлов: Сіз перспективаларды көретін, жауапкершілікті қабылдайтын және стандарттар мен істердің барысын өзгертуден тартынбайтын нағыз кәсіпқойсыз. Әр шешімімде мемлекет мүддесін бірінші орынға қоятын нағыз патриот, мемлекет қайраткері, - деп қолдау білдірді.

Дегенмен оқырмандар арасында Мусиннің қызметіне сын айтып, көңілі толмаған оқырмандар пікірі де кездеседі.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары