$ 494.87  520.65  4.91

Ол бұрынғы министр, өз ісіне екі есе жауапты болуы керек – прокурор Бишімбаев туралы

Сот жарыссөзінде айыптаушы тарап сөз алып, Айжан Аймағанова оқиғаға қатысты деректерді айтып жатыр. 

Фото: Аскар Ахметуллин
Фото: Аскар Ахметуллин

Бишімбаев ісі бойынша сот процесі аяқталуға жақын, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Сот жарыссөзінде айыптаушы тарап сөз алып, Айжан Аймағанова оқиғаға қатысты деректерді айтып жатыр. 

Мемлекеттік айыптаушы бұрынғы министр, еліміздің бет-бейнесі, өз ісіне екі есе жауапты болуы керек екенін айтты.

«Бишімбаев – жоғары білімді, шетелде білім алған, ауқатты отбасында дүниеге келген, бұрынғы Экономика министрі. Еліміздің бет-бейнесі. Ол кемсітушілікке лайық емес, сонымен қатар ол өз әрекеті үшін екі есе жауапты болуы керек», - деді прокурор.

Айта кетейік, сот жарыссөзі аяқталғаннан кейін сот шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне кетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары