$ 494.87  520.65  4.91

Депутат Абзал Құспан әкімдерді жауапқа тартуды ұсынды

Өйткені өзен бойындағы су жайылмаларынан жер берген, саяжайларды іс жүзінде тұрғын үйге айналдырған. Яғни жарық, газ тартып, азаматтарды тұрақты тіркеуге рұқсат берген.

Фото: ҚР Мәжілісі
Фото: ҚР Мәжілісі

Елімізде су тасқынына кінәлі әкімдерді жауапқа тарту керек. Бұл туралы бүгін Мәжіліс депутаты Абзал Құспан айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мәжілісмен Бас прокурор Берік Асыловқа депутаттық сауал жолдады.

«Биылғы су тасқыны – Қазақстан тәуелсіздік алғалы болған оныншы ірі тасқын. Бірақ осы кезге де дейін су тасқынының алдын алмағаны немесе салғырттық танытып, жол бергені үшін ешбір жоғары лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылмаған. Мұнда мен жергілікті атқарушы органның, яғни әкімдердің жауапкершілігі туралы айтып отырмын. Неге жергілікті атқарушы орган? Өйткені өзен бойындағы су жайылмаларынан жер берген, саяжайларды іс жүзінде тұрғын үйге айналдырған. Яғни жарық, газ тартып, азаматтарды тұрақты тіркеуге рұқсат берген. Ол – Үкімет емес, басқа емес, жергілікті атқарушы орган, яғни әкімдіктер. Ал келтірілген шығындарды өтеу салмағы әркез мемлекет мойнына артылады», - деді ол.

Оның пайымдауынша, өзі болған екі өңірде прокурорлық тексеріс жүргізу қажет.

«Құрметті Берік Ноғайұлы, өзіңіз жақсы білесіз, Қылмыстық кодекстің 3-бабында аса ірі залал және ауыр зардап деген ұғымдар бар. Биылғы су тасқынында мемлекет те, азаматтар да аса ірі көлемдегі шығынға ұшырады, адамдарымыздан айырылдық.Президент су тасқынына байланысты сізге нақты тапсырма берді. Сондықтан бір топ депутат екі өңірде: БҚО және Атырау облысының Құлсары қаласында болдық. Осының негізінде Бас прокуратура деңгейінде, кешенді түрде тексеріс ұйымдастыру қажет деп есептеймін», - деді депутат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары