$ 478.58  520.84  5.44

Шымкентте 3 оқушыдан ерте жүктілік анықталған

Жалпы үш айдың ішінде кәмелетке толмағандар арасында 19 құқықбұзушылық анықталған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Шымкентте жыл басынан бері жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсаудың 11 фактісі тіркелген. Ал 3 оқушыдан ерте жүктілік анықталған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жалпы үш айдың ішінде кәмелетке толмағандар арасында 19 құқықбұзушылық анықталған. Бұл туралы қалалық білім басқармасының алқа жиынында айтылды.

Шымкентте жыл басынан бері кәмелетке толмағандар арасында 19 құқықбұзушылық жасалған. Оның ішінде мектеп оқушылары арасында 3 қылмыс тіркелген. Оның екеуі тонау, біреуі зорлау фактісі. Мамандар өткен жылы мұндай кезеңде кәмелетке толмағандар 12 қылмыс жасағанын айтып отыр.

9 оқушы өзге өңірдің балалары, Шымкент қаласына келіп құқық бұзған, яғни қылмыс жасаған. 2 оқушы мектеп бітіріп кеткен, еш жерде тіркелмейтін азаматтар. 5 оқушымыз колледж студенттері болып отыр. Ал мектеп жасындағы балаларымыз үш бала. Суицид жасағандардың ішінде бесеуі колледж студенттері, алтауы мектеп оқушылары, - деді Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Дәрібаева.

Үш айдың ішінде мектеп оқушылары арасында 3 жасөспірімнен ерте жүктілік анықталған. Өткен жылы да үш оқушы ерте жүктілікке ұшыраған. Оқушылар арасында жыл басынан бері 11 өз-өзіне қол жұмсау фактісі тіркелген. Оның үшеуі қайғылы аяқталған болса, 8-і аман қалған.

Іс-шаралардың барысында үш айда түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған 225 жасөспірім және түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болған 2162 жасөспірім анықталған. Қадағалаусыз жүрген 230-дан астам жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Сот шешімімен бір жасөспірім Тараз қаласындағы арнаулы мектепке жолданды, - деді Шымкент қаласының ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ғабитжан Жандарбеков.

Білім басқармасының алқа отырысына қала әкімінің орынбасары да қатысты. Білім беру ұйымдарының мамандарына бірқатар сын-ескертпе айтқан ол, оқушының тәртібі тікелей ұстаздарға байланысты екенін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары