03.05.2024, 17:40

«Қуандық біздің отбасымыз үшін трагедияға айналған әрекетке барды»: Бишімбаевтың анасы сотта сөйледі

Фото: Видеодан алынған кадр

Альмира Нұрлыбекова Бишімбаевтың өкілі ретінде жарыссөзде сөз сөйлеп, Нүкеновтер отбасынан кешірім сұрады.

Астанада Бишімбаев ісі бойынша жарыссөз жалғасып жатыр. Сөз кезегі экс-министр Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбековаға берілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

 

Альмира Нұрлыбекова Бишімбаевтың өкілі ретінде жарыссөзде сөз сөйлеп, Нүкеновтер отбасынан кешірім сұрады.

"Біз отбасымыздың атынан Салтанаттың туыстарынан кешірім сұраймыз. Алла Тағала біздің отбасымыз бен Салтанат отбасына үлкен сынақтар дайындады. Бұл төзгісіз ауыр жағдай. Алқабилер және судья, менің ұлым сіздердің шешімдеріңізді қабылдайды. Ол біздің отбасымыз үшін трагедияға айналған әрекетке барды. Қуандық өзінің істеген ісіне сәйкес жазаға лайық", - деді Альмира Нұрлыбаева.

Сонымен қатар, оның айтуынша сот тергеуінде Салтанат Нүкенованың өліміне не себеп болғаны анықталмаған.

"Мен өмірімнің соңына дейін менің тарапымнан қандай қателік кеткенін талдап, түсінуге тырысамын. Кез-келген ана ұлын соңына дейін қорғайды. Менің ұлымның айтқан сөздері куәгерлердің айғақтарында, көрсетілген хаттар мен фактілерде расталды деп ойлаймын. Тергеу Салтанаттың өліміне не себеп болғанын және қай уақытта қайтыс болғанын анықтаған жоқ", - дейді Альмира Нұрлыбекова.