$ 494.87  520.65  4.91

«Арктикалық суық келе жатыр». Елімізде күн салқындайды

Мұның себебі – қысым өрістерінің жылдам өзгеруі.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Синоптиктер алдағы күндері күн қайта суытатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қазақстанға 4-6 мамырда қайта арктикалық салқын түседі. Мұның себебі – қысым өрістерінің жылдам өзгеруі.

Солтүстік және оңтүстік циклондардың скандинавиялық антициклонмен алмасуы Қазақстан аумағына жауын-шашын әкеледі. Ал Баренц теңізінен суық ауа массаларының әсер етуі алдымен солтүстік-батыста, солтүстікте, сосын республика орталығында ауа температурасын төмендетеді.

Түнгі уақытта ауа температурасы нөлге дейін төмендеп, жаңбырдың соңы қарға ұласады деп күтілуде. Дегенмен оңтүстік аймақтарда мол жауын-шашын түсіп, найзағай ойнап, бұршақ жауатынына қарамастан, көктемгі жылу сақталады деп болжанып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары