$ 472.49  515.44  5.41

«89 млн теңге жымқырған»: Павлодарда қала және аудан әкімдігінің бірнеше қызметкері сотталды

Сотталушылар кінәларын толық мойындады және залалды өтеді.

Фото: NewTimes.kz
Фото: NewTimes.kz

3 мамырда Павлодар қаласының № 2 соты аса ірі мөлшерде бірнеше рет алаяқтық жасау фактісі бойынша бір топ адамға қатысты қылмыстық істі қысқартылған тәртіпте қарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Сотта  2022 жылғы тамыздан 2023 жылғы қыркүйекке дейінгі кезеңде Павлодар қаласы әкімдігінің және Павлодар ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері - А.Г., М.А., Б.А., Ж.А., А.А. қызметтік бабын пайдалана отырып, мүгедектердің жеке көмекшілерінің жұмысы үшін заңсыз ақы төлеу арқылы бюджеттен 89 миллионнан астам теңгені жымқырғаны анықталды.

Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, құжаттамалық және заттай дәлелдемелермен, сондай-ақ сараптамалық қорытындылармен дәлелденді.

Сотталушылар кінәларын толық мойындады және залалды өтеді.

«Сот қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесін айтарлықтай төмендететін, жоғарыда аталған жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, кінәлі тұлғаларға ҚК-нің 55-бабының 4-бөлігі негізінде әртүрлі мерзімге 3 жыл 6 айдан бастап 5 жыл 6 айға дейін бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны тағайындады», - делінген Павлодар қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сотталғандарға жазаның барлық мерзіміне пробациялық бақылау, мәжбүрлі еңбекке тарту және міндеттер белгіленеді.

Сондай-ақ сотталғандар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары