Аталған бейнебаян туралы ақпарат ҚР Президенті күзеті қызметінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.
"Грэмми" сыйлығының иегері Иманбек Зейнеков Президенттік оркестрдің "ABYROY" тобы орындайтын патриоттық хит-ән - "РУХ" композициясына арналған бейнебаянның аранжировкасын жасауға қатысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Аталған бейнебаян туралы ақпарат ҚР Президенті күзеті қызметінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.
Режиссері - Еламан Буралкиев. Әуеннің клипке арналған аранжировкасын жасауға Иманбек Зейкенов қатысқаны да нақтыланады.
"Көптен күткен оқиға! ҚР Отан қорғаушылар күніне арналады! Бірінші болып көр! Президенттік оркестрдің "ABYROY" тобы орындайтын патриоттық хит-ән - "РУХ" композициясының клипінің тұсаукесері! Толық нұсқасы ҚР МКҚ-нің Youtube хостингіндегі парақшасында жарияланды. Сілтеме осы парақшаның биосында! Бейнеклипте Қазақстанның арнаулы және әскери құрылымдарының жауынгерлік күштерінің іс-қимылы бейнеленген", делінген бейнебаян сипаттамасында.