$ 478.58  520.84  5.44

Аудиторлар «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» бюджетін тексереді

Тексерудің қорытындысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарына ұсынылады.

Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Жоғары аудиторлық палата «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» бюджетін тексереді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Жоғарғы аудиторлық палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Палата НЗ мектептерінің 2019-2023 жылдар арасындағы бюджетті  қаншалықты тиімді игергенін және республика бойынша орта білім беру жүйесін дамытуға тигізген әсерін тексереді.

Жоғары аудиторлық палата «Назарбаев Зияткерлік мектептері», Қазақстандағы төрт облыстың бюджеті, сондай-ақ ӘМСҚ, салық және кеден жүйелерінің тиімділігін тексерді. Жоғары аудиторлық палата 2019-2023 жылдары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізуді аяқтауда. Атап айтқанда аудит барысында НЗМ-нің республиканың орта білім беру жүйесін дамытуға әсері талданды, - делінген палатаның баспасөз қызметі жариялаған хабарламада.

Аудиторлық тексерудің нәтижесі  мен Жоғары аудиторлық палатаның тиісті нұсқамалары Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарына ұсынылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары