Елшінің айтуынша, биыл Қазақстан ШЫҰ-ға және ҰҚШҰ-ға төрағалық етеді. Тиісінше, осы форматтар аясында да екі ел лидерлерінің кездесуі жоспарланған.
Қасым-Жомарт Тоқаев 8-9 мамырда Ресейге іссапармен барады. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Президенттеріміздің кездесулері жиі өтіп тұрады. Владимир Путиннің қазандағы Қазақстанға сапарынан кейін президенттер екі рет кездесті. Кездесулер Санкт-Петербургтегі ЕАЭО және ТМД саммиттерінде және ақпанда Қазанда өткен Болашақ ойындарында болды. Олар 8-9 мамырда Мәскеуге сапар шегуді жоспарлап отыр», – деді елші.
Елшінің айтуынша, биыл Қазақстан ШЫҰ-ға және ҰҚШҰ-ға төрағалық етеді. Тиісінше, осы форматтар аясында да екі ел лидерлерінің кездесуі жоспарланған.
Бұдан бөлек Уфада Ресей мен Қазақстан арасында өңірлік форум өтеді. Осы жиын барысында да Тоқаев пен Путиннің бірнеше кездесулері өтеді деп болжанып отыр.