$ 478.96  533.03  5.22

Қазақстандықтар енді Вьетнамға визасыз бара алады

Сапарға шығар уақытта жолушы төлқұжатының жарамдылығы кемінде алты ай болуы керек.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазақстан мен Вьетнам визасыз келісімге қол қойды. Енді  Вьетнамда 30 күн визасыз жүруге болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Заң 2024 жылдың 25 мамырында күшіне енеді.

travelpress.kz сайтының жазуынша, қазақстандықтар Вьетнамға визасыз кіруге, шығуға, ол арқылы жүруге немесе тұруға мүмкіндік алады.

Сапарға шығар уақытта жолушы төлқұжатының жарамдылығы кемінде алты ай болуы керек.

Дәл осындай ережелер Қазақстанға келгісі келетін Вьетнам азаматтарына да қатысты.Елде жүру мерзімі шекарадан өткен сәттен бастап күнтізбелік 30 күннен аспауы керек. Сіз әр 180 күн ішінде барлығы 90 күн бола аласыз. Қазақстандықтар Вьетнамда 30 күннен артық болғысы келсе, виза алу керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары