Қайғылы оқиға Ұлан ауданында болған.
Ата-анасының қарауынсыз қалған бала суға батып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
ТЖМ мәліметінше, қайғылы оқиға Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында болған.
2022 жылы туған бала ата-анасының қарауынсыз қалып, Садыр көліне құлап, батып кетті.
ТЖМ ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауларын сұрайды. Балаларды су айдындарында ойнауға жібермеу қажет.